2021 жылғы 22 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 21 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциянсын жұқтырған 127 адам тіркелді (жергілікті), оның 116-ы симптомдық белгілері бар және 11-і симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 14, келіп түскені – 38.
Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 637 адам (оның ішінде 24 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 68.
ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 36, High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 077 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 019, симптомсыз 58 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 489 адам, 2-компонентті 403 адам вакцина алды.
01.02.2021-21.11.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 021 701 адам, 2-компонентті 958 773 адам вакцина алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 828.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.