Ресейде COVID-19-ға қарсы қайта вакциналау басталды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
РФ-да ұжымдық иммунитет керекті деңгейде қалыптаспайынша, қайта вакциналау немесе ауырып шыққаннан кейін жарты жыл өткен соң екпе салуға кеңес беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей өңірлерінде коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау, сонымен қатар COVID-19-бен ауырып шыққандарға екпе салу басталды. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі журналистерге сәрсенбі күні мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі «COVID-19-ға қарсы ересектерді вакциналауды жүргізу тәртібі» уақытша әдістемелік ұсынымдарын бекітті. Өңірлерде ревакцинация және ауырып шыққандарға екпе салу басталды», делінген хабарламада. 

Ұсынымдарға сәйкес, азаматтар елде тіркелген кез келген вакциналық препаратты ектіре алады. Дегенмен бірінші дозаны салдырғаннан кейін науқаста жағымсыз әсерлер пайда болса, оның қалауымен, қарсылықтар болмаған жағдайда, вакцинаны алмастыруға мүмкіндік беріледі. 

Атап өтілгендей, РФ-да ұжымдық иммунитет керекті деңгейде қалыптаспайынша, қайта вакциналау немесе ауырып шыққаннан кейін жарты жыл өткен соң екпе салуға кеңес беріледі. Бұл кезең «шұғыл вакциналау» деп аталады. Ұжымдық иммунитеттің мақсатты деңгейіне жеткеннен кейін «қалыпты вакциналауға» көшу жүзеге аспақ. Ол жоспарлы түрде жазылып шыққаннан немесе қайта вакциналаудан кейін 12 ай өте егуді көздейді.

Новости партнеров