Алматыда бір тәулікте 3 423 адам КВИ екпесін алды

19.11.2021 16:55

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 739

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 19 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 18 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциянсын жұқтырған 123 адам тіркелді (жергілікті), оның 115-і симптомдық белгілері бар және 8-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 95, келіп түскені – 76.

Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 656 адам (оның ішінде 19 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  82.

ӨЖЖ – 20, инвазивті емес ӨЖЖ – 45, High flow-да 11 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 151 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 085, симптомсыз 66 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті – 1 874 адам, 2-компонентті  1 549 адам вакцина алды.

01.02.2021-18.11.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті  1 017 985 адам, 2-компонентті 956 386 адам вакцина алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  121 739.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.