Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ВАК шешімдер қабылдады
8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде жолаушыларға міндетті коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабы жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ВАК отырысында әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады: ️
Бірінші – 2022 жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19 вакцинасының толық курсын (COVID-19 вакцинациясы туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды.
Екініші – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттінің жұмыс істеуіне тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады.