Алматыда бір тәулікте 946 адам КВИ екпесін алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 018
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 8 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 7 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 135 адам тіркелді (жергілікті), оның 129-ы симптомдық белгілері бар және 6-ы симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 12, келіп түскені – 65.

Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны  885 адам (оның ішінде 28 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 97.

ӨЖЖ – 19, инвазивті емес ӨЖЖ – 48, High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 701 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 627, симптомсыз 74 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 328 адам, 2-компонетты  618 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 7 қараша аралығында қала бойынша  1-компонентті  1 002 324 адам, 2-компонентті  940 084 адам вакцинацияланды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  121 018.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров