Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 018
2021 жылғы 8 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 7 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 135 адам тіркелді (жергілікті), оның 129-ы симптомдық белгілері бар және 6-ы симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 12, келіп түскені – 65.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 885 адам (оның ішінде 28 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 97.
ӨЖЖ – 19, инвазивті емес ӨЖЖ – 48, High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 701 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 627, симптомсыз 74 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 328 адам, 2-компонетты 618 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 7 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 002 324 адам, 2-компонентті 940 084 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 018.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.