|
25.01.2022 | 12:20
2593

Алматыда бір тәулікте 3116 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 979

Алматыда бір тәулікте 3116 адам КВИ екпесін алды ашық дереккөзден

2022 жылғы 25 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 24 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 1 501 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 350-і симптомдық белгілері бар және 151-і симптомсыз.

Емделіп шыққандар –322, келіп түскені –229.

Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 417 адам (оның ішінде 145 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  90.

ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 39, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 191 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде10 576, симптомсыз 615 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 998 адам, 2-компонентті –1 118 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-24.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 101 185 адам, 2-компонентті –1 046 923 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 979.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 38 518 адам, оның ішінде2 060 жүкті әйелдер,  8 359 емізулі аналар және 28 099 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.

122 960 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда және 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир