|
13.12.2021 | 12:26
2273

Алматыда бір тәулікте 1 013 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 852

Алматыда бір тәулікте 1 013 адам КВИ екпесін алды Фото: medpuse.ru

2021 жылғы 13 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 12 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясыны жұқтырған 14 адам тіркелді (жергілікті), оның 12-і симптомдық белгілері бар және 2-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 5, келіп түскені – 13.

Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 205 адам (оның ішінде 5 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 36.

ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 12, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 393 науқас бақылауда, олардың ішінде 387 жеңіл және 6 орташа ауырлық дәрежесінде, симптомсыз 12 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 409 адам, 2-компонентті – 604 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-12.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 055 309 адам, 2-компонентті – 987 893 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 852.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 21 559 адам, оның ішінде 1 257 жүкті әйелдер, 4 344 емізулі аналар және 15 958 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир