Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 024
2021 жылғы 22 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 21 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 35 адам тіркелді (жергілікті), оның 27-сі симптомдық белгілері бар және 8-і симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 21, келіп түскені – 17.
Инфекциялық стационарларда (894 төсек-орын) жалпы саны 133 адам (оның ішінде 6 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 24.
ӨЖЖ – 4, инвазивті емес ӨЖЖ – 6, High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 263 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 247, симптомсыз 16 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 578 адам, 2-компонентті – 2 125 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-21.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 064 481 адам, 2-компонентті – 1 002 853 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 024.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 25 469 адам, оның ішінде 1 437 жүкті әйелдер, 5 089 емізулі аналар және 18 943 балалар мен жасөспірімдер егілді.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.