Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 124 041
2022 жылғы 28 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2022 жылдың 27 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтарған 2 307 адам тіркелді (жергілікті), оның 2 109-ы симптомдық белгілері бар және 198-і симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 191, келіп түскені – 247.
Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 529 адам (оның ішінде 157 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 89.
ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 26, High flow-да 12 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 12 643 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 11 859, симптомсыз 784 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 808 адам, 2-компонентті 992 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-27.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 106 682 адам, 2-компонентті 1 050 990 адам вакцина алды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 124 041.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен – 40 867 адам, оның ішінде 2 152-і жүкті әйелдер, 8 940 емізулі аналар және 29 775 балалар мен жасөспірімдер егілді.
148 041 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.