20-39 жас аралығында ауру жұқтырғандардың мөлшері 40 пайызды құрайды
«Жасыл» аймаққа көшкелі бір аптадан аса уақыт болған еді. Енді мегаполис қайтадан «сары» аймаққа көшті. Оған қалалықтардың еркінсіп, індетпен күрес жағдайында сақтық шараларын сақтамауы себеп болды ма? Бұл жөнінде «Алматы» телеарнасының «Басты назарда» бағдарламасында айтылды.
Қала «жасыл» аймаққа өтер кезінде ауру жұқтырғандар саны азайды. Оған негізгі себеп ретінде вакцина алудың өз әсері бар. Бұл туралы Алматы қаласының Бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«Қаланың «жасыл» аймаққа өтуіне вакцинаның өз әсері болды. Індет жұқтырғандар саны азайды. Біз «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін тұрғындар еркінсіп, сақтық шараларын ұмытып кетті. Бұл дұрыс емес. Көбінесе ауру контингентті жас аралығында қамтиды. 20-39 жас аралығында ауру жұқтырғандардың мөлшері 40 пайызды құрайды. Ал егде жастағылар індеттің әсерін жақсы түсінді. Вакцина алып, өзіне күтім жасап үйреніп келеді. Соның арқасында бұл жастағылардың ауру жұқтыруы азайды. Қала «жасыл» аймақта болсын десек, тек вакцинаға жүгінуіміз керек. Ауыр індетті тек вакцина алып қана жеңе аламыз», − деді Жандарбек Бекшин.
«Басты назарда» бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.