2021 жылғы 31 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 30 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 75 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 63-і симптомдық белгілері бар және 12-і симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 21, келіп түскені – 30.
Инфекциялық стационарларда (894 төсек-орын) жалпы саны 135 адам (оның ішінде 4 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 29.
ӨЖЖ – 10, инвазивті емес ӨЖЖ – 6, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 395 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 368, симптомсыз 27 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті 1 574 адам, 2-компонентті 1 564 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-26.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 077 326 адам, 2-компонентті – 1 018 890 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 372.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 30 224 адам, оның ішінде 1 669 жүкті әйелдер, 6 054 емізулі аналар және 22 501 балалар мен жасөспірімдер егілді.
65 559 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 762 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.