2021 жылғы 3 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 2 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 166 адам анықталды (жергілікті), оның 157-і симптомдық белгілері бар және 9-ы симптомсыз.
Барлық емделіп шыққандар – 129, келіп түскені – 104.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 888 адам (оның ішінде 27 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 99.
ӨЖЖ – 22, инвазивті емес ӨЖЖ – 42, High flow-да 25 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 874 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 792, симптомсыз 82 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 386 адам, 2-компонетты 2 254 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 2 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентті- 997 872 адам, 2-компонентті 932 720 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны-120 644.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.