Алматыда 900-ден астам ерікті-медицина қызметкерлері егу пункттерінде көмек көрсетіп жатыр

13.04.2021 18:59

Жәнібек Солтанай белсенділердің 91 иммундау пунктінде көмек көрсетуге кіріскенін атап өтті

Vecher.kz.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингке Алматы қаласының жаппай вакциналау жүргізетін еріктілер мен шақырылған мамандар штабының үйлестірушісі Жәнібек Солтанай қатысты. Ол азаматтарды егу науқанында ерікті-медицина қызметкерлері қалай көмек көрсетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медициналық жоғары оқу орындары, колледждер мен оқытушылардан 975 ерікті кәсіби дәрігерлер мен медбикелерге көмекке келді.

Олардың бәрі Алматы жоғары медициналық колледжі мен Қоғамдық денсаулық сақтаудың Жоғары мектебі және Колумбия университеті жанындағы ICAP ұйымы ұйымдастырған арнайы оқу курстарынан өтті.

Жәнібек Солтанайдың айтуына қарағанда, оқу үш кезеңнен тұрған: I кезең – теориялық курс, ZOOM платформасы арқылы өткен, II кезең – практикалық, студенттер мен оқытушылар егу пункттерінде оқыған және III кезең – алынған (үйренген) дағдылар мен білімді тәжірибеде қолдануды енгізу мониторингі.

«Оқу барысында еріктілер мен мамандар кез келген уақытта сұрақтар қойып, теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктері болды. Оқу барысында еріктілер үйлестірушілер, регистраторлар, орташа медицина қызметкерлері және дәрігерлер деген топтарға бөлінді», – дейді Жәнібек Солтанай.

Шақырылған 975 еріктілер мен мамандардың 120-сы резидентура тыңдаушылары, 149-ы интерн, 221-і бакалавр студенті, 490-ы медицина мамандығында оқитын студенттер.

«Негізінен егу науқанына С. Д. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медициналық университетінің резиденттері, интерндары мен студенттері жұмылдырылған, қалғандары Қазақстан-Ресей медициналық университетінің, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің медицина факультетінің және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің студенттері», – деп атап шықты Жәнібек Солтанай.

Сонымен бірге, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 285 cтуденті және Жоғары медициналық колледж оқытушыларынан, «Эмили» медициналық орталығынан және «Интердент», «Аяжан» медициналық колледждерінен 200 адам – волонтерлік қызметке тартылған.

Жәнібек Солтанай белсенділердің 91 иммундау пунктінде көмек көрсетуге кіріскенін атап өтті. Осылайша, науқастарды емдеуге жұмылдырылған білікті медицина қызметкерлеріне артылған жүктеме азайды. Еріктілер термометрия жүргізіп, халықты вакцинациялау мүмкіндіктері мен орындары жайлы ақпараттандырып, егу пункттерінде медицина қызметкерлері мен пациенттерге көмек көрсетеді.

Студенттер пациенттерді тексеру кабинетерінде дәрігерлердің тексеру жүргізулеріне көмектеседі – температура, пульс, қан қысымы мен оксигенациясын өлшейді. Егу кабинетінде еріктілер медицина қызметкерлеріне құжаттарды толтыруға көмектеседі.

Алматы қаласында коронавирустан вакцинаны 200 егу пункттерінің бірінде жасауға болатынын, олардың 74 қалалық емханалар базасында, сондай-ақ, мәдениет нысандарының, сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар мен мектептердің базасында орналасқанын естеріңізге саламыз. Егу пункттерінің мекен-жайларын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтынан, сонымен бірге, 3000-505 және 1312 телефондары арқылы білуге болады. Сонымен бірге, вакцинацияға eGov Mobile мобильді қосымшасы немесе eGov платформасы арқылы жазылуға болады.