COVID-19: Алматыда бір тәулікте 4 764 адам вакцина алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 208 вакцинация пункті жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 14 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 65 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 52 симптомдық белгілері бар және  7 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 127, келіп түскені – 26.

Барлық инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы алғанда 724 адам (оның ішінде 28 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  60.

ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 25, High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1 075 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 868, симптомсыз 207 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  4 764 адам вакцинация алды.

01.02.2021-14.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 345 465 адам вакцинацияланды.

Екпе алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 35 972 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 208 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің  35 880 дозасы және екінші компоненттің 93 234 дозасы бар.

Новости партнеров