Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 158
2021 жылғы 27 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 26 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 41 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 28-і симптомдық белгілері бар және 13-і симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 3, келіп түскені – 5.
Инфекциялық стационарларда (894 төсек-орын) жалпы саны 132 адам (оның ішінде 7 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 27.
ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 8, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 292 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 270, симптомсыз 22 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті 566 адам, 2-компонентті 652 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-26.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 071 046 адам, 2-компонентті – 1 010 938 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 158.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 28 173 адам, оның ішінде 1 540 жүкті әйелдер, 5 612 емізулі аналар және 21 021 балалар мен жасөспірімдер егілді.
55 192 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.