Алматыда бір тәулікте 954 адам КВИ екпесін алды

elements.envato.com
elements.envato.com
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 120
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 29 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 28 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциянсын жұқтырған 65 адам тіркелді (жергілікті), оның 63-і симптомдық белгілері бар және 2-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 7, келіп түскені – 17.

Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 425 адам (оның ішінде 20 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  47.

ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 18, High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 888 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 851, симптомсыз 37 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті – 592 адам, 2-компонентті  362 адам вакцина алды.

01.02.2021-28.11.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті – 1 033 703 адам, 2-компонентті 967 439 адам вакцина алды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 120.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 12 456 адам, оның ішінде 738 жүкті әйелдер,  9 050 емізулі аналар және 6 565 балалар мен жасөспірімдер егілді.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров