Алматы бойынша КВИ және вакцинация жөнінде жаңа деректер

10.04.2021 в 17:56

1-9 cәуір аралығындағы кезеңде 57 810 адам вакцинацияланды

9 сәуірдегі дерек бойынша Алматы қаласынжа коронавирус инфекциясын жұқтырған 715 науқас тіркелді (жергілікті), оның ішінде 630-ы симптомды және 85-і симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлығы инфекциялық стационарларда (6 100 төсек-орын) 3 530 адам емделуде (2 570 төсек-орын бос).

Вакцинация

1-9 cәуір аралығындағы кезеңде 57 810 адам вакцинацияланды. Олардың 13 857-сі вакцинаның екі компонентін алды. Өткен тәулікте 8 650 екпе егілді.

Вакциналанғандардың ішінде: 11 009 медицина қызметкері, 8 876 педагог, құқық қорғау құрылымдарының 6199 қызметкері, созылмалы аурулары бар және Алматы тұрғындарының өзге де санаттарынан 6 470 адам бар.

Егу пункттерінде ҚР ДСМ белгілеген нысаналы (мақсатты) топтарды, қарт азаматтар мен созылмалы аурулары бар адамдарды вакцинациялау жалғасуда.

Вакцинация Алматы қ. ҚДСБ барлық емханаларында, сонымен қатар, базалар, қоғамдық орындар мен СОО-да жүргізілуде.

Жетісу ауданы: Адем СҮ 1 қабат, Алтын Тараз СҮ және Кемел мәдениет үйі

Алатау ауданы: Ақбұлақ базары, Кенжехан, Өжет базарлары,  БақОрда СОО

Түрксіб ауданы: Түрксіб және Семиречье базарлары, ЕП Оқушылар үйі -6, Оқушылар Сарайы-7, ТЖА АҚ – 6 ашылған.

Алмалы ауданы:  Мега парк

Әуезов ауданы: Азия парк, Гранд парк, Алматы Молл, Спутник,  Москва.