5 сәуірдегі дерек бойынша 4764 адам вакцина алды
1 ақпаннан 5 сәуірге дейін Спутник V вакцинасын 44 315 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 6 200 вакцинаның екі компонентін алды. 2 сәуірден 5 сәуірге дейін 28 713 азаматқа вакцина егілді. Өткен тәулікте 4764 адамға вакцина егілді. Вакцинаның қалған саны - 6 335 доза, вакцинация процесі жалғасуда. 2021 жылдың 9 сәуір күні вакцинаның 5 траншы бойынша 57 445 доза көлемінде күтілуде.
Ал 2021 жылдың 13 мамыр күні 57 445 доза күтілуде.
Барлығы айдың соңына дейін 114 890 доза таратылады.
Атап айтқанда:
Медицина қызметкерлері – 2 310
Педагогтар – 2 926
Құқық қорғау органдарың қызметкерлері – 1 834
Студенттер – 242
Диспетчерлік есептер тұрған созылмалы ауруы бар науқастар – 3 631
балалар мекемесінің қызметкерлері – 246».