«Спутник V» вакцинасын қолданатын елдер оның тиімділігі жоғары екенін мәлімдеді

10.07.2021 20:00

Сонымен қатар, вакцинаның ешқандай жанама әсерлері жоқ

politonline.ru

«Спутник V» вакцинасын қолданатын елдердің денсаулық сақтау министрлігі ресейлік препараттың тиімділігі жоғары екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, вакцинаның жанама әсерлері жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі iz.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді.

«Бұл «Спутник V» вакцинасын қолданылатын елдердің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми қорытындылары. Аргентина, Мексика, Венгрия елдері бірауыздан вакцинаның тиімділігі жоғары екенін және ешқандай жанама әсерлері жоқ екенін айтты», — деді Гинцбург «Россия 1» телеарнасында берген сұқбатында.

«Спутник V» вакцинасын алатын елдердің тізімі:

Ресейде вакцинация 18 қаңтардан бастап жүргізіліп жатыр. Вакцина барлық тұрғындарға тегін салынады. Қазіргі уақытта Ресейде төрт вакцина қолданылады. Олар: «Спутник V», «Спутник Light», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак».

Ал Қазақстанда вакцинаның алғашқы компонентін төрт миллионнан астам адам алды. Еліміз бойынша қолданыста төрт вакцина бар: ресейлік «Спутник-V», қазақстандық QazVac және қытайлық Hayat Vax және CoronaVac.