Алматыда бір тәулікте 2 557 адам коронавирус вакцинасын алды

26.05.2021 18:06

307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды

1prime.ru

2021 жылдың 25 мамыр  күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 310  жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 264 симптомдық белгілері бар және  46 симптомсыз.

286 адам емделіп шығарылды, ал 113 адам келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық инфекциялық стационарда (5 940 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 2 129 адам (оның ішінде 65 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  153.

ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 58, High flow-да 50 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 2 349 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 045, симптомсыз 304 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  2 557 адам вакцинация алды.

01.02.2021-25.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 293 928 адам вакцинацияланды. Жалпы қазақстандық QazVac вакцинасын 3 000 адам егілді. Қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 12 529 адам алды.

Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.