|
08.11.2021 | 14:47
3455

Коронавирусқа қарсы ревакцинация: Алматыда алдымен кімдер екпе алады

Қайта екпе алу үшін толық екпенің курсынан кейін 6 немесе 9 ай уақыт өтуі қажет

Коронавирусқа қарсы ревакцинация: Алматыда алдымен кімдер екпе алады фото из открытых источников

Ревакциналау басталғанда вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер бірінші егіледі. Олар – дәрігерлер мен полицейлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Сондай-ақ бұл тізімге 65 жастан асқан қариялар мен иммунитеті әлсіз немесе созылмалы дерті барлар да ілігіп отыр. Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Бірақ қайта егілу үшін толық екпенің курсынан кейін 6 ай немесе 9 ай уақыт өтуі қажет. Осы ретте, дәрігерлер ревакциналау кезінде алғаш екпе алғандағы ауыртпалыққа ұқсас симтомдар байқалатынын да алға тартты. Мәселен, ине салған жер ауырып, дене қызуының көтерілуі мүмкін.   

«Ревакциналау – қалада егу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарда жалғасады. Атап айтқанда ол – медициналық мекемелер мен сауда орталықтары. Сондай-ақ мамандар тұрғындарды қайта егер алдында мәліметтер базасын ашып, келушінің расымен де вакцинаның екі компонентін алғанын және белгіленген уақыттың өткенін тексеріп алады. Кейін егілетін адамның денсаулығын тексеріп, қарсы көрсеткіш болмаған жағдайда ғана ревакцинаға рұқсат береді», – деді Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Виктор Глуценко
Виктор Глуценко
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир