COVID-19: Алматыда бір тәулік ішінде 2 426 адам вакцина алды

21.06.2021 18:30

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 20 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 115 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 101 симптомдық белгілері бар және  14 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 12, келіп түскені – 38.

Инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы саны 665 адам (оның ішінде 24 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  56.

ӨЖЖ – 10, инвазивті емес ӨЖЖ – 19, High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 981 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 793, симптомсыз 188 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  2 426 адам вакцина алды.

01.02.2021-20.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 375 340 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 45 304 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 74 210  дозасы және екінші компоненттің 105 880 дозасы бар.