Коронавирусқа қарсы вакциналану – бұл денсаулықты қорғаудың және ұзақ карантиннен шығудың жалғыз әдісі
Өткен тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясының 1561 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1467 жағдай симптомды, 94 – симптомсыз. Алматылық депутаттар қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv
Коронавирусқа қарсы вакциналану – бұл денсаулықты қорғаудың және ұзақ карантиннен шығудың жалғыз әдісі. Әзірге мегаполис тұрғындарының иммундық қабаты халықтың ресми санының 40%-дан сәл ғана асқан. Бұл инфекцияның таралуының алдын алу үшін жеткіліксіз.
Бүгінде жүздеген дәрігерлер коронавируспен күресуде, олардың бір бөлігі Алматыдағы вакциналау орталықтарында жұмыс істейді. 1000-нан астам дәрігер қалалықтарға екпе жасауда. Көбісі «қызыл» аймақтарға жұмылдырылған. Nur Otan партисяынан Алматы мәслихатының депутаты, қалалық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері, «100 жаңа тұлға» жобасының жеңімпазы Алмат Қодасбаев ковидтік стационарлардағы жағдайды біледі.
«Біз коронавируспен екі жылдан бері күресіп келеміз. Осы уақыт ішінде біздің халық маска тағып, әлеуметтік қашықтыққа үйренді. Кәдімгі қалыпты өмірге оралудың уақыты келді. Ал үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру керек. Вирусологтар мен ғалымдардың арқасында аурудың ауыр ағымынан қорғайтын вакциналар жасалды. Бүкіл Еуропада адамдар белсенді түрде вакцинациялануда, біз жаппай вакциналанудың тиімді екенін көріп отырмын»,– деді Алмат Қодасбаев.
Депутат Алматының кардиологиялық орталығында 600 медицина маманы жұмыс істейтінін, оның 90%-ының екпе салдырғанын айтты. Қалғандары декреттік демалыста немесе денсаулығына байланысты медициналық қарсылықтары бар.
VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты, «Aқ жол» партиясының мүшесі Асқар Бисқұлтанов бұрынғы қалыпты өмірге оралу үшін ұжымдық иммунитетке қолжеткізу қажеттігін, антиковидтік инъекцияның арқасында алматылықтар өздерін және жақындарын қауіпті инфекциядан қорғай алады деді. Ол қоғамдық жұмыстан өзге, темір-бетон зауытының директоры екенін, онда 300 қызметкер жұмыс істейтінін айтты. Ол өткен жылы коронавирустық инфекциясы дерті асқынып тұрған кезде кадрлардың жетіспеушілігін есіне алады.
«Бұл вирустың вируленттілігін көзімізбен көрдік. Қолданылған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар бізді құтқарды. Біздің қызметкерлердің барлығы маска режимін ұстанды, ашық ауада жұмыс жасады. Біз жаппай жұқтырудың алдын алдық»,– деді Асқар Бисқұлтанов.
«Aқ жол» партиясының депутаты өзінің коронавируспен ауырғанын айтты және оны басқа респираторлық инфекциялармен салыстырғанда өте қауіпті дерт деп санайды.
«Бұл аурудың алдын алуға немесе оны жеңілдетуге мүмкіндік бар, сондықтан вакцина салдыру қажет. Жаңа штаммдар пайда болуда, симптомдар өзгеруде. Кезінде адамзат полиомиелит, оба, испан тұмауы және басқа да көптеген жұқпалы ауруларды жеңді, бүгін бізде заманауи вакциналар арқылы коронавирусты жеңе аламыз. Біздің зауытта жұмысшылардың көбі вакцина алды», – деді Асқар Бисқұлтанов.
Эпидемиологтардың айтуынша, иммундық қабат коронавирустан жаппай қорғаныс үшін жеткіліксіз. Алматыда «дельта» штаммының таралуы денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені екі есе арттырды. Қаланың инфекциялық стационарларында 6 мыңнан астам науқас емделуде, оның 169-ы балалар.
Бес баланың әкесі, «Ауыл» ХДП депутаты Қуаныш Тұрабаевты да коронавирус инфекциясы алаңдатады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне сенімді бола алады. Мәслихат депутаты вакциналану бұрынғы қалыпты өмірге оралуға септігін тигізетініне сенімді.
Айта кетерлігі, соңғы екі аптадағы жас құрамын талдау көрсеткендей, дерті бұрынғыдай 20-39 жас аралығында өршіп тұр, тіркелгені - 33,5%, 40-59 жас – аралығында 25,2% және 60 жастан асқандар арасында - 23,1%. Қалған 18% балалар мен жасөспірімдер арасында.
«Пандемия білім беру жүйесіне айтарлықтай зиян келтірді. Вакциналану – маңызды. Бұл қорғанудың жалғыз тиімді жолы. Мен вакцинаны әріптестеріме, отбасыма жұқтырмас үшін алдым. Бұл қоғам алдындағы, адамдарды қорағудағы жауапкершілік»,– деді депутат Қуаныш Тұрабаев.
Қазақстанның халық партиясынан қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқанов коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды.
«Мен вакциналанудың қалыпты өмірге оралудың бірден-бір сенімді әдісі деп санаймын. Екі жыл бойы біз пандемия жағдайында болдық, бұған нүкте қоятын уақыт жетті. Менің бүкіл отбасымды вакциналанады, әріптестерім үшін жауапкершілікті өз мойныма алдым және олардың да вакциналануын сұрадым»,– деді Нұрсұлтан Шоқанов.
Айта кетерлігі, соңғы тәуліктерде 3894 адам бірінші компонентпен, ал 7357 адам екінші компонентпен вакциналанды. 01.02.2021–26.08.2021 аралығының барлық кезеңінде 856 899 адам I компонентпен, 706 424 адам II компонентін алды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО 160 вакцинациялау пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1028 адамнан тұратын 237 вакциналау бригадасы тартылған.