2021 жылғы 2 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 2 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 485 адам анықталды (жергілікті), оның 451-і – симптомдық белгілері бар және 34-і – симптомсыз ауырғандар.
Барлық емделіп шығарылғандар – 211, келіп түскені – 144.
Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 690 адам (оның ішінде 70 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар – 173.
ӨЖЖ – 34, инвазивті емес ӨЖЖ – 83, High flow-да 47 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4 198 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 4 043, симптомсыз 155 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 935 адам, 2-компонетін 3 539 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 2 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін – 955 140 адам, 2-компонентін 863 356 адам алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 118 235.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.