Спутник-V вакцинасын 2 компонентін 28 066 алматылық салдырды
2021 жылғы 4 мамырға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 3 мамыр күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 658 адам анықталды (жергілікті жағдай), оның 602 симптомдық белгілері бар және 52 симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 200, келіп түскені – 252 адам.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 767 адам (оның ішінде 99 балалар).
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 232.
ӨЖЖ – 34, инвазивті емес ӨЖЖ – 70, High flow-да 82 аппарат жұмыс істейді.
5 176 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 549 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 627 симптомсыз.
2021 жылдың 4 мамырға Вакцинация бойынша ақпарат.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 3 504 адам вакцинация алды.
01.02.2021-03.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 226 258 адам вакцинацияланды. 25 сәуірден бастап бүгінге дейін 2 484 адам QazVac вакцинасын алды.
Спутник-V вакцинасын 2 компонентін 28 066 алматылық салдырды.
Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 402 вакцинация бригадасында, 1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды 40 көшпелі мобильді бригадалар.