Коронавирус: Алматыда бір тәулік ішінде 5 840 адам вакцина алды

23.06.2021 19:07

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді

фото из открытых источников

2021 жылдың 22 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 117 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 105 симптомдық белгілері бар және 12 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 62, келіп түскені – 70.

Инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы саны 620 адам (оның ішінде 25 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  47.

ӨЖЖ – 14, инвазивті емес ӨЖЖ – 14, High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 915 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 760, симптомсыз 155 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  5 840 адам вакцина алды.

01.02.2021-22.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 386 222 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 49 314 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 72 328  дозасы және екінші компоненттің 99 473 дозасы бар.