26 шілдеден бастап шетелдік туристер толық вакциналау туралы сертификат ұсынса, елге кіруге рұқсат етіледі
Финляндия 26 шілдеден бастап Еуропалық Одақ немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мақұлдаған вакцинаны салдырған туристерге елге кіруге рұқсат береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.
26 шілдеден бастап шетелдік туристер толық вакциналау туралы сертификат ұсынса, елге кіруге рұқсат етіледі. Жаңа ережелерге сәйкес, соңғы алты айда COVID-19 ауруы туралы растауды тек ЕО-ға мүше елдер мен Шенген аймағының азаматтары ұсына алады.
Үшінші елдерден, соның ішінде Қазақстаннан келген туристер кіру үшін, кем дегенде, 22 тамызға дейін бұрынғы шектеулер қолданылады.