|
10.08.2021 | 16:00
3094

А. Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның мерзімін айтты

Оның сөзінше, бүгінде вакцинаны қайта егудің екі түрі бар

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы ревакциналау биыл қазан айында басталады. Бұл ақпан айының басында бірінші екпені алған азаматтарға қатысты болады. Ол жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның сөзінше, бүгінде вакцинаны қайта егудің екі түрі бар. Біреуі – шұғыл, екіншісі – жоспарлы қайталап егу. Мәселен, кей кезде ұжымдық иммунитетті 60-70 пайызға жеткізу үшін шұғыл шараларды қолға алады. Ал, жоспарлы ревакцинация жылына бір рет ұйымдастырылады. Жалпы қайталап екпе жасау тақырыбын бірінші кезекте өткен жылы вакцина жүргізген АҚШ, Израиль, Ресей көтере бастады. Бұл елдерде бірінші екпе салынғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтіп кеткен. 

«Бізде ревакциналау жоспарланып отыр. Қазіргі кезде тиісті қадамдарды айқындап жатырмыз. Қазіргі кезде біз мерзімді пысықтап жатырмыз, себебі Қазақстанда вакциналау ақпан айынан бастап жүргізілді. Адамдардың басым бөлігі маусым-шілде кезеңінде екпе алды. Осы орайда олардың ағзасындағы антиденелер әлі де бар, оның деңгейі де жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан соң шамамен 9 айдан кейін күнтізбеге енгізіледі. Қазіргі кезде әріптестермен осы мәселені қарастырып отырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болатынын айтты. Дегенмен, ол қазақстандықтарға бұл екпені күтпей, басқа вакциналарды ала беруге кеңес берді.

«Бастапқы кезеңде, қазан айында Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болады. Сондықтан, бұл вакцинаның көп күтудің керегі жоқ, қазір барып екпе жасата берген жөн. Бір апта ішінде бізде тағы бір вакцина болады, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Осы орайда бұл вакцинаны да салдыру мүмкіндігі болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир