Білім беру ұйымдарына Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіруге болады
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, вакцина салдырмаған студенттерге жатақханаға берілмейді. Алайда бұл шектеу 18 жасқа толмаған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауырып шыққан студенттерге қатысты емес, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
«Бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцина алған студенттер (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) жатақханаға орналастырылсын», – делінген қаулы мәтінінде.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.