Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс істейді
2021 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 677 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 577-і симптомдық белгілері бар және 120 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бір тәулік ішінде – 392 науқас қабылданды, барлық стационардан 198 науқас шығарылды.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 868 адам (101 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр – 883, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 983.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 258 (бос төсек-орын саны – 192).
ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 85, High flow-да 91 аппарат жұмыс істейді.
6 328 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 522 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 806 симптомсыз.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 5 335 адам вакцинация алды.
01.02.2021-16.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 131 434 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс істейді, 406 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
13 сәуір күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және 15 сәуірде Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті өз жұмысын бастады.