Алматыда 211 вакцина пункті жұмыс істейді
Актёр, тамада, сценарист, шоумен, вайнер Әбдікерім Мұхамметәлі «Али Капкара» @_ali_kapkaraретінде танымал. Оның шығармашылық ұжымы коронавирусқа қарсы отандық вакцинаға сенеді. Жігіттер алғашқы QazVaq компонентін 6 мамырда алды. Жақын күндері екінші компонентін салдырады, деп хабарлайды Almaty.tv
Вайнер Әбдікерім Мұхаметәлі өзінің вакцина алуы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Жаңа форматтағы әзіл жұлдызы вакцина алуға шақырады, өйткені коронавируспен ауыру өте қиын деп санайды.
«Менің ойымша, бұл біздің азаматтық парызымыз. Біздің ұжым Түркістаннан Шымкентке бардық, содан кейін вакцина алуды шештік. Бұл аудиторияны тарту үшін жасалмады, тіпті суретке түспедік. Тек туыстарымның денсаулығына алаңдаймын», – деді «Али Капкара».
Актердің айтуынша, барлық жұмыс онлайн режимде өтті, вайндарды көбірек түсіре бастаған. Жаңа жобалар туралы ойлануға уақыт болды. Алайда, бұл кезеңнің қайталанғанын қаламайды. Вайнер қала тұрғындарын вакцина алуға шақырады, өйткені ол қауіпсіз әрі ешқандай жанама әсерлері жоқ.
«Вакцина емес, қауіп кондиционерден, өйткені, суық ұстап қлауы мүмкін. Тек екпе арқылы туыстарымызды әрі өзімізді қорғай аламыз», – деді Али Капкара.
Алматыда осы жылы 10 маусымдағы жағдай бойынша 329 671 адам вакциналанды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. Құрамында 1 257 маман 304 екпе бригадасы бар.