Отандық QazVac вакцинасын өндірушілер мемлекеттік сыйлыққа ие болады
Аlmaty.tv
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Білім және ғылым министрлігі жоба дайындауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Отандық QazVac вакцинасын өндірушілер мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қазір еліміздің Білім және ғылым министрлігі жоба дайындауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру туралы» жобасының тізіміне отандық екпе жасауға атсалысқан 7 профессор мен медицина ғылымдарының докторлары енді.
Одан бөлек, жаңа «Розеофунгин-АС» атты отандық препарат әзірлеген 6 қызметкер де марапатталмақ. Сыйақы мөлшерінің жалпы сомасы – 37 миллион 200 мың теңге. Бірақ екі ұжым оны 18 миллион 600 мың теңгеден бөліп алады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10