Almaty.tv.
2021 жылдың 16 тамызына арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды
Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 503 науқас тіркелді(жергілікті), оның 1419-да симптомдық белгілері бар және 84-і симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 256, келіп түскені – 483.
Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 6 294 адам (оның ішінде 246 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 434.
ӨЖЖ – 67, инвазивті емес ӨЖЖ – 178, High flow-да 176 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 13 127 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 12 564, симптомсыз 563 науқас бар.
2021 жылдың 16 тамызындағы арналған вакцинация бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 2 413 адам, 2-компонетты 2 459 адам вакцина алды
01.02.2021-15.08.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 811 800 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 107 996 адамды құрайды.
Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, делінген хабарламада.