2021 жылғы 17 тамызға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 16 тамыздағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 517 науқас тіркелді (жергілікті), оның 1429-да симптомдық белгілері бар және 88-і симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 944, келіп түскені – 651.
Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 5 963 адам (оның ішінде 195 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 430.
ӨЖЖ – 65, инвазивті емес ӨЖЖ – 173, High flow-да 180 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 13 221 науқас тұр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 12 685, симптомсыз 535 науқас бар.
2021 жылдың 17 тамызға арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін 5 396 адам, 2-компонетті 5 273 адам алды.
01.02.2021-16.08.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вакцинасының 1-компонентін 817 196 адам алған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 108 398 адамға жетті.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылдыү