Маңғыстау облысында медицина қызметкерлерінің 77 пайызы вакцина алды

abratel.org.br
abratel.org.br
Күніне емханамызда 200 адам екпе алып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында 7 200-ден астам дәрігер коронавирус вакцинасын алды, яғни медицина қызметкерлерінің 77 пайызы вакцинацияланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша олар науқанда белсенділік танытып, тұрғындарға үлгі көрсетуді көздеп отыр. Бұған қоса, кәсіпкерлер тарапынан аймақта екпе алушылар арасында түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылып жатыр. Тіпті, ұтысқа Ақтауда 2 бөлмелі пәтер де қойылған. Айта кетерлігі, бір күнде вакцина алғандар саны 4 есе артты. Жалпы облыста қазір екпе алғандар 121 мың адамнан асты.

«Біздің емханамызда медқызметкерлердің 96 пайызы екпе алды. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс жасап жатырмыз. Халықтың саны күннен күнге артып жатыр. Қажет болған жағдайда түсіндірме жұмыстарын да осы жерден жүргізіп жатырмыз. Күніне емханамызда 200 адам екпе алып жатыр», – деді бас дәрігер Серік Қасым.

Новости партнеров