Қазақстанда 136 мың адам ревакциналаудан өтті – Алексей Цой

Almaty.tv
Almaty.tv
Cоның нәтижесінде COVID-19-бен ауырғандар саны 3,1 есеге азайып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 136 мың адам ревакциналаудан өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның сөзінше, халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасуда. Екпенің 1-компонентімен 8,8 млн-нан астам адам егілген. Cоның нәтижесінде COVID-19-бен ауырғандар саны 3,1 есеге азайып отыр.

«Бүгінгі күні Comirnaty Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 188 мың 906 адам салғызды. Оның 150 669-і – жасөспірім және 38 237-і жүкті және бала емізетін әйел. Екінші компонентпен 19 386 адам егілді. Вакциналау жалғасып жатыр. Жалпы, қауіпті дерт бойынша оптимистік сценарий қалыптасып отыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бұл ретте Үкімет басшысы Асқар Мамин вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды. Қазір инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындар 23 пайызға, реанимациялық орындар 20 пайызға толық екен.  

Новости партнеров