Дінтанушы: Екпе алу – шариғат заңына сәйкес

20.08.2021 21:11

Ол қан құюдан немесе екпеден бас тартатын азаматтардың, керісінше, діннен бас тартатынын, соның салдарынан адам өлімі болатынын айтты

Вакцинада діни тұрғыдан тыйым салынған ештеңе жоқ. Алматылық дінтанушы Алмасбек Шағырбай екпе алу шариғат заңына сәйкес деп есептейді. Ол қан құюдан немесе екпеден бас тартатын азаматтардың, керісінше, діннен бас тартатынын, соның салдарынан адам өлімі болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Исламда адам өмірі мен денсаулығынан жоғары құндылық жоқ деген пәтуа бар, сондықтан әркім өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек дейді.

«Отандық QazVac вакцинамыз бар, Ресейде өндірілген Спутник-V вакцинасы бар. Бұның екеуіне де Қазақстанда ҚМДБ пәтуа шығарды. Бұл вакцинаның, екпенің құрамында ешқандай шариғатқа қарсы, діни тұрғыдан тыйым салынған компонеттері жоқ екенін», – деді ҚР БҒМ Ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, дінтанушы Алмасбек Шағырбай.