|
02.08.2021 | 16:18
611

LIVE: Алматыда иммундау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шаһарда екпе алған алматылықтар саны 725 мыңнан асты

Алматыда тұрғындарды иммундау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала халқының белсенділігі, әсіресе, өткен демалыс күндері байқалды дейді дәрігерлер. Осылайша шаһарда екпе алған алматылықтар саны 725 мыңнан асты. Қазір Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын тікелей қосылымға шығып, екпе жұмыстарының барысын баяндайды.

- Ұлағат, медициналық пункттерде бүгін адам көп пе?

- Рақмет, Қайрат. Иә, бүгін дүйсенбі жұмыс күніне қарамастан, екпе алуға келіп жатқандар өте көп. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, соңғы бір тәулікте вакцина алған қалалықтар саны 5 мыңға жуықтаған. Қазір біз қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрмыз. Бұл жердегі көпшілік тамақтанатын орын уақытша екпе егу алаңына айналған. Қазір вакцина салуға келгендердермен сөйлесіп көрейік.  

Айта кетейік, қаланың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, демалыс күндері сауда орындары мен ойын-сауық кешендері түгелімен жабық болады. Ал, ондағы осындай вакциналау пункттері жұмыс істей береді. Медицина мамандары таңғы 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Қайрат, кешкі жаңалықтарда ақпаратты жаңартып баяндайтын боламын, әзірге осы. Сөз өзіңде.

- Рақмет. Бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Ұлағат Арғын болды. Ал, біз хабарымызды ары қарай жалғастырамыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир