Серікхан Ахмадиев медицинаға деген сенім исламның негізгі ілімдерінің бірі екенін айтты
Алматы қаласы Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Серікхан Ахмадиев медицинаға деген сенім исламның негізгі ілімдерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ол денсаулыққа немқұрайлы қарайтындарға қарсылық білдіретін дін қызметшілерінің бірі.
Серікхан Ахмадиевтің айтуынша, бүгінгі күн бүкіл әлем үшін оңай емес, денсаулық пен өмірді сақтау мәселелерінде сенушілерді парасаттылыққа, ғылыми зерттеулерді басшылыққа алуға шақырады.
«Аурудың алдын алу өте маңызды, әсіресе жұқпалы аурулар тараған уақытта барынша тиімді шаралар жасалуы міндет. Ислам қайраткерлері жұқпалы аурулар тараған кезде халықты сақтап қалу үшін ұтымды әрі батыл қадамдарға барғаны баршамызға мәлім. Шариғатымызда адам өмірінің құндылығына аманат ретінде қарау бірнеше рет айтылған. Осы қиын уақытта вакцина арқылы аурудың алдын алу тиімді жолдардың бірі», – дейді Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы С. Ахмадиев.
Айта кетсек, Ислам дінінде: «Ол қорқатын аурудың алдын алу үшін дәрі қабылдауда ешқандай мәселе жоқ», – делінген.
Сондай-ақ, қалада немесе кез келген басқа жерде эпидемия (ауру) туралы алаңдаушылық болса, онда оған қарсы вакцина жасау тиімді екенін медицина мамандары айтуда. Бұл адамның басына түскен ауруды емдеу жолы.
Шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру - әр азаматтың өз еркі екенін ғалымдарымыз мәлімдеуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін вакцина салдыруға шақырды.