Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова 91 жаста
Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алды. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова өзінің facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бибігүл апайдың амандығын білейін деп хабарластым. Апамыз «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алыпты.
«О, апай, жақсы болды. Алматыға енді барғанда жүздесетін болдық» деп едім
Алдымен вакцина салдыртшы, қызым, дейді», – деп жазады Тұрсын Қалимова.
Журналист әншінің «Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!» деген сәлемін жеткізді.