Ж. Әшімжан: Вакцина – елдің, Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігі

Назым Қыдырбайқызы
7-su.kz
7-su.kz
Вакцина алуға жауапкершілікпен қарауымыз керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлем күресіп жатқан дертті жеңудің бірден-бір жолы — вакцина салдыру. Вакцина – бұл өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Almaty.tv  тілшісіне пікір білдірді.  

«Мен вакцинаның екі компонентінде алдым. Біріншісін сәуір, ал екіншісін мамыр айында салдырдым. Вакцина алғанда өзімді ауыр сезінген жоқпын, бәрі жақсы өтті. Вакцина алу біздің өзімізді отбасымызды балаларымызды, үйдегі ата-анамызды, достарымызды, туған-туыстарымызды қорғау деп ойлаймын. Бұл елдің, Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігі. Бұл бір сынақ, бұған мәдинеттілікпен, зиялықпен қарау керек», – деді Ж. Әшімжан.

Депутаттың айтуынша, вакцинаға немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл жеке адамның қауіпсіздігі ғана емес, қоғамның да бет бұрысы.

«Әлуметтік желіде жағымсыз дүниелерді оқып жатамыз, оғанда әркімнің жауапкершілігі өзінде. Бұл жеке адамның қауіпсіздігі ғана емес, қоғамның да бет бұрысы. Сондықтан вакцинаға немқұрайлы қарауға болмайды. Мәселен, вакцина салдыруда дамыған елдер бір кісідей жұмылып, Отанын қорғаған батырлардай  әр адам жеке дара қызымет етіп жатыр. Вакцина алуға жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді ол.  


Новости партнеров