Алматының бизнес-қауымдастығы: Вакцинация – еңбек ұжымдарын қорғаудағы ең дұрыс шешім

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Алматы бизнесмендері қала тұрғындарын вакциналануға шақырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының кәсіпкерлері егер ұжымдық иммунитет болмаса, онда бизнес үнемі локдауннан және қатаң шектеу шараларынан зардап шегеді деп есептейді. Сондықтан олар кәсіпкерлерге – өздерін және қызметкерлерін вакциналандыруға үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі қаланың кәсіпкерлер палатасымен және медициналық ұйымдармен бірлесіп көшпелі егуді ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуде. Осылайша, жаппай вакцинация басталғалы бері ұйымның еңбек ұжымдарына  50-ден астам көшпелі кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мобильді топтар кәсіпорындарға барып, вакциналанудың маңызын түсіндіруде.

RG Brands компаниясының басшысы Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, саяси, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарға қарамастан, барлық елдер COVID-19-бен күресуде және вакцинация негізгі факторлардың бірі болып табылады.

«Бүкіл әлем COVID-19-ға қарсы күреске бірікті, бұл нарықтық фактор, нарықтың өзгеруі. Біз, кәсіпкерлер, COVID-19 бизнес үшін ұзақ мерзімді  кері тұрақты факторға айналмауы үшін вакциналану қажет. Қазір компания басшылығының басты міндеттерінің  еңбек ұжымын қорғау. Сонымен қатар, менеджер ретінде қызметкерлердің үздіксіз жұмыс жасауы,жайлы жағдайды қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан, екпе салдыру еңбек өнімділігін арттырып қана қоймайды, деніміздің сау әрі айналамыздың аман болуының басты факторына айналады», – деді Қайрат Мәжібаев.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтің айтуынша, вакцинация алу аса қажет. Кәсіпорындарда жаппай вакцинация бірінші кезекте ұжымдық иммунитетті алу үшін қажет, себебі бұл бизнеске тікелей әсер етеді.

«Егер адамдардың бәрі сау болса, онда олардың барлығы жұмысқа толық кірісе алады. Егер бизнеске шектеу қойылмаса, ел экономикасы дамып, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетеді. Меніңше, вакцинация – бұл орын алған жағдайдан шығудың жолы», – дейді Максим Барышев.

Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, кәсіпкер және қоғам қайраткері Райымбек Баталов вакцинаны өзі алды, оның отбасы да оның үлгісін ұстанды.

«Біз халықтың 70-75%-дан астамы вакциналанбаған кезде ұжымдық иммунитет болмайтынын және біз бизнес ретінде үнемі локдаун мен шектеулерден зардап шегетінін түсінеміз. Екпе салдыру инфекцияның таралуын тоқтатады, өзара байланысқа жол ашады, қалыпты өмірге қайта оралумызға мүмкіндік береді. Сондықтан бәріміз бірігіп, саналылық танытып, вакциналансақ, қауіпті пандемияны сөзсіз жеңеміз», – деді Райымбек Баталов.

Бүгінде Алматыда жалпы 1 ақпаннан 18 тамызға дейінгі  аралықта 828 376 адам I компонентпен, 655 235 адам II компонентпен егілді. Өткен тәулікте 5 153 адам бірінші компонентпен, ал 6276 адам екінші компонентпен вакциналанды.

Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-да 160 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы жұмылдырылды.

Новости партнеров