|
22.11.2021 | 17:53
3232

Қазақстанда халықты ревакциналау басталды

Вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер екпенің күшейткіш дозасын бірінші болып алады

Қазақстанда халықты ревакциналау басталды Almaty.tv

Бүгін елімізде халықты ревакциналау басталды. Бұған дейін қайта егу науқанының екі кезеңмен жүретіні мәлімденген еді. Вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер екпенің күшейткіш дозасын бірінші болып алады. Қазір иммундау жұмыстары мегаполистің барлық егу пункттерінде жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық №16 емханада медицина мекемесі мен қызметкерлері ревакциналау науқанына сақадай сай дайын екенін жеткізді. Ал таңсәріден екпенің күшейткіш дозасын алуға келгендер қатарында дәрігерлер мен медбикелер бар. Сондай-ақ бүгін полицейлер мен күш құрылымдарының қызметкерлеріне де екпе алуға рұқсат етілген. Үшінші мәрте иммундау науқанына алғашқы болып келгендердің бірі – емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Исабекова Тәтті Шойқызы. Ол осыдан 9 ай бұрын алғаш екпе алыпты.

Айта кетсек, ревакциналау науқаны екі кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезекте вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер бүгіннен бастап екпе алады. Бұл тізімге 60 жастан асқан қариялар мен бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алса да, иммунитеті әлсіреген, антиденелері мүлдем жоқ кісілер және созылмалы аурулары бар науқастар іліккен. Ал халықты жаппай ревакциналау Жаңа жылдан кейін басталады. Осы ретте мамандар екпенің үшінші дозасы алғашқы екі компонентті қайталамағаны дұрыс деп кеңес береді.  

Бүгінде қала бойынша бір тәулік ішінде вакцинаның 1-компонентін  489 адам салдырды. Ал жыл басынан бері толық курсынан 958 773 адам өтіп үлгерді. Қазір қалада қоғамдық иммунитет деңгейі 56 пайызға жеткен.

Десе де, екпенің түріне қарай 6 немесе 9 ай өткен соң иммунитеттің қайта әлсіреуіне байланысты үшінші дозаны алу қажет. Ол үшін мегаполисте 132 егу пунктті жұмыс істеп тұр. Онда қала тұрғындары елде тіркелген 6 екпемен иммундалуына болады. Соның ішінде Pfizer екпесімен ақылы түрде егілуге немесе ревакциналануға да мүмкіндік бар.    

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир