Өңірде тұрғындарды вакцинациялау одан әрі жалғасуда
Батыс Қазақстан облысында 58425 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 6329-ы – медицина қызметкерлері, 6864-і – педагогтар, 3315-і – құқық қорғау органдары, 41917-сі – басқа сала өкілдері. Сонымен қатар 22464 адам екінші компонентті қабылдады. 1 ақпаннан бері облысқа барлығы 102200 доза (77050-і – бірінші, 25150-і – екінші компонент) вакцина жеткізілді.
Соңғы рет, 5 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген 17500 доза (І компонент) Hayat-Vax араб вакцинасы түсті. Өңірде тұрғындарды вакцинациялау одан әрі жалғасуда.