Жалпы қалада иммунизация процесі қарқынды жүріп жатыр
Екпе алу үшін күніне 3 мыңнан астам алматылық вакциналау пунктіне келеді. Ал келушілерге қала әкімдігі демушілердің қолдауымен ынталандыру сыйлықтарын ұйымдастырған. Вакцинаның алғашқы компонентін алған пациенттерге портативті құрылғылар, түрлі аксессуарлар, жеке гигиеналық заттар, тұрмыстық техника мен қызметтерге тегін сертификаттар беріледі. Жалпы қалада иммунизация процесі қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындар Спутник-V, Qazvac пен Hayat-Vax екпелерін таңдауына болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қорқатын несі бар?! Екпе алған ең алдымен өзімізге жақсы», – деді Алматы облысының тұрғыны Нұржан Сұлтанов.
«Ковидпен ауырмас үшін екпені міндетті түрде алған дұрыс деп ойлаймын. Балаларымыз ертерек мектепке барса деймін», – деді қала тұрғыны Күнсұлу Жұмаева.
Жалпы соңғы мәліметтер бойынша шаһарда 285 мыңнан астам азамат егілген. Вакцина алғандардың 30 мыңнан көбі 60-тан асқандар. Бүгінде медицина мекемелерінде, мектептер мен қоғамдық орындарда, базарлар мен сауда орталықтарында 214 вакцинация пункті жұмыс істеп жатыр.
«Алдымен адамдар келіп тіркеуге алынады. Сосын пациенттерді терапевтер қарайды. Қажет болса мұнда салалық дәрігерлер де бар, яғни адамдардың денсаулығын бірден толықтай тексеруге мүмкіндік бар. Келушілер өз еріктерімен екпе алып жатыр», – деді қалалық № 21 емхананың бөлім меңгеруішісі Қонай Бесбаев.