|
21.02.2022 | 17:42
7639

Алматылық мамандар екпе алудың пайдасы туралы айтты

Сарапшылар халықтың кемінде 70%-ын вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және COVID-19 пандемиясын жеңуге мүмкіндік беретініне сенімді

Алматылық мамандар екпе алудың пайдасы туралы айтты Almaty.tv

Алмалы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы М. Р. Сейтқазиева мен Алмалы ауданы санитарлык-эпидемиологиялык бакылау баскармасы эпидемиологиялык кадагалау болімінің бас маманы А. А. Ибрагимова қала тұрғындарына екпе алу тәртібін жан-жақты түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вакцинация - жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді әдісі екені белгілі. Сарапшылар халықтың кемінде 70%-ын вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және COVID-19 пандемиясын жеңуге мүмкіндік беретініне сенімді.

    КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерге Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп тұратын, КВИ жұқтыру қаупі жоғары шетел азаматтарын қоса алғанда, сондай-ақ осы инфекцияға қарсы профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар жатады. КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген вакциналар қолданылады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде әйелдерге КВИ-ға қарсы профилактикалық егулер жүргізу үшін азаматтардың осы санаттары үшін ұсынылған "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакцинасы қолданылады. "Комирнати" вакцинасының бірінші дозасын алғаннан кейін 18 жасқа толған жасөспірімдер вакцинация курсын егулер арасындағы аралықты сақтай отырып, осы вакцинаның екінші дозасын алумен аяқтайды. Жүктілік басталғанға дейін КВИ вакцинасының бір дозасын алған әйелдерге КВИ вакцинациясының бастапқы курсын жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде "Комирнати" вакцинасының бір дозасымен (Пфайзер, АҚШ) аяқтау ұсынылады.

     "Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды. Иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттерде және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап дамымауы мүмкін. Сондықтан иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды қабылдау иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты вакцинациядан кем дегенде 1 ай бұрын және одан кейін қарсы болады. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар екпелерді жүргізу үшін уақытша қарсы көрсетілімдер болып табылады. Вакцинация сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. Жіті ішек ауруларында вакцинация денсаулық жағдайы қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі.

          КВИ-ға қарсы вакциналарды сақтықпен қолдану қажет болған егілетін жағдайларда осы инфекцияға қарсы егулер жүргізу бейінді маманның консультациясынан кейін ұсынылады. КВИ-ға қарсы екпе алған адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 2 аптаға шеттетіледі. Тірі вакциналарды пайдаланған кезде егілген адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 4 апта мерзімге шеттетіледі.

          КВИ-дің жіті және бессипмтомдық түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі.

КВИ-ң кез келген түрімен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 6 айдан соң және вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, вакцинациялаудың толық курсымен егу ұсынылады. Бұл ретте КВИ-мен ауырғандарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинация жүргізуге жол беріледі.

       КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдарды сауыққаннан кейін 90 күннен соң екінші дозамен егу ұсынылады. Вакциналардың түрлері бойынша вакцинациялау курсының кестесін сақтау ұсынылады. Жекелеген жағдайларда (іссапарға, оқуға бару, жарыс немесе егілушілердің қалауы бойынша) екінші дозаны вакцинаның дозалары арасындағы ең аз аралықты сақтай отырып, вакцинаның бірінші дозасынан кейін мүмкіндігінше тезірек енгізу ұсынылады.

      Екінші дозаны уақтылы енгізбеген жағдайда, вакцинация курсын қайтадан бастау ұсынылмайды, яғни жетіспейтін доза ғана енгізіледі. Жекелеген жағдайларда КВИ-дің Қазақстан Республикасының аумағында пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша (Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде білдіру мақсатында шетелге шығу, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдардың оқуға кетуі) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайтадан жүргізуге жазбаша түрде егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық Вакцинацияның бастапқы және қайталама толық курсын алу арасындағы аралық кемінде 90 күнді құрайды.

Халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакцинациялау-тиісті ведомствоның қызмет орны бойынша жүргізіледі. Халық үшін вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттері немесе жылжымалы егу бригадалары ұйымдастырылады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир