СЭБД: Алматы тұрғындарының белсенді түрде вакцина алғаны жөн

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазіргі кезде күніне 500-ден астам коронавирус инфекциясы тіркеліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы әлі де тұрақсыз, оны Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметі дәлелдейді. Қазіргі кезде күніне 500-ден астам коронавирус инфекциясы тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Алматының СЭБД мәліметі бойынша, коронавирустың симптомды тасымалдаушыларының үлесі жұқтырғандар санының 95%-ы. Инфекциялық стационарларда 2775 науқас бар, оның ішінде 109 бала. Орташа ауырлық дәрежесідегі науқастар - 1480 адам, ауыр жағдайдағы - 1183, өте ауыр жағдайда - 112, жансақтау бөліміндегілер - 266. Тағы 5723 науқас телемедицина орталығы қызметкерлерінің бақылауымен үйде емделуде.

Вакцина алмаған тұрғындар қауіп аймағында тұр, сондықтан COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакцинаны алу қажет. Әсіресе 60 жастан асқан тұрғындардың алғаны жөн, өйткені олардың арасында дерт жұқтырғандар 12%. 20-39 жас аралығындары қала тұрғындары да қауіп аймағында. Осы санаттағы дерт жұқтырғандар 28%-ға жетті. 45-50 жас аралығында КВИ жұқтырғандар саны 24%-дан астам.

Пандемия кезінде жеке қорғаныс шараларын сақтау маңызды, әсіресе адамдар көп жиналатын жерде, жабық бөлмеде бетперде тағу қажет. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша Алматыда дерт жұқтыратын негізгі орындар: отбасылық байланыс - 20,1%, сауда объектілері - 20,8%, оның ішінде базарлар - 9,1%, қоғамдық көліктер - 19,7%.

Жұқпалы аурулардың басталу маусымының алдында Алматы тұрғындары коронавирус вакцинасын алуы тиіс. Елдегі вакциналар жақсы зерттеуден өткен.

Вакцинаның 1-компонентін - 928 946, 2-компонентін - 820 220 тұрғын алды. Оның ішінде 60 жастан асқандар - 116 677 адам. Мегаполисте екпені 160 вакциналану пунктінің бірінде алуға болады.

Алматы эпидемиологтарының мәліметі бойынша, 20 қыркүйекте халықтың иммундық қабаты ресми шамамен 48,6%. Вакцинаның 2-компонентін алғандар 41,4%, ал жыл басынан бері дерттен сауыққандар 7,2% болды.


Новости партнеров