Вакцина алып, iPhone 12 ұтып ал

24.05.2021 в 22:53

Алматыда ЦУМ сауда үйі Алмалы ауданы әкімдігімен бірге ұтыс ойынын ұйымдастырып жатыр

Алматыда ЦУМ сауда үйі Алмалы ауданы әкімдігімен бірге ұтыс ойыны ұйымдастырып жатыр. Вакцина алған адам ұтыс ойынына қатыса алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!  Сізді ЦУМ сауда үйінде COVID-19-қа қарсы вакцинацияға шақырамыз.  Вакцинация алыңыз және iPhone 12 ұтыс ойынының қатысушысы болыңыз» делінген хабарламада.

Науқан 22.05.2021 жылы басталады және 31.05.2021 дейін жалғасады.  IPhone 12 ұтыс ойыны 2021 жылы 31 мамырда сағат 12.00-де өтеді.

Вакцинация жасалған күні ұтыс ойынының купоны беріледі, ол ЦУМ сауда үйінің дүкендерінде қосымша жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

«Ұтыс ойынының жеңімпазы Науқанға қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Іріктеу нәтижесі Инстаграмдағы TSUM ресми парағында 31.05.2021 жылы жарияланады.

Жеңімпаз ЦУМ вакцинация орталығында берілген тіркеу талоны және жекекуәлігі болған жағдайда ғана сыйлық алады» делінген хабарламада.

ЦУМ сауда үйі Абылай хан даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан. Вакцинация пункті ЦУМ сауда үйінің 3 қабатында, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.