Қала тұрғындарын вакциналау көрсеткіші қазіргі уақытта күніне 7 мыңнан астам адамды құрайды
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде, КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін мегаполис тұрғындарының иммундық қабаты жеткіліксіз екенін айтты. 6 тамыздағы жағдай бойынша ол қаланың ресми тұрғындар санының 41,1%-ын құрады, деп хабарлайды Almaty.tv
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, қала тұрғындарын вакциналау көрсеткіші қазіргі уақытта күніне 7 мыңнан астам адамды құрайды.
Сонымен бірге Ж. Бекшин, 1 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтыру деңгейі өсіп жатқанын атап өтті. Өткен аптада 224 бала болса, осы аптада 238 бала тіркелді. 14 жасқа дейінгі балаларда аурудың төмендеуі байқалады – 878 бала өткен аптада 1099-ға қарсы. Жалпы алғанда, КВИ жағдайы 20-40 жас аралығындағы жастарда басым – 38%, 40-59 жастағы азаматтарда – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%.
Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын кімдер жиі жұқтыратынын айтты.
«Өткен 7 күнде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында инфекция жұқтырғандардың үлес салмағы бұрынғыдай жоғары – 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері - 18,4%, зейнеткерлер - 17,3%, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында – 9,2% және мектепке дейінгі балалар – 6,0%. Халықтың аталған санаттары КВИ-мен ауыратындардың жалпы санының 92%-ын құрайды, оған профилактикалық іс-шаралар бағытталуы тиіс», – деді Ж. Бекшин.